Елорда тұрғындары интернет арқылы тауар аламын деп алданып қалды
Елорда тұрғындары интернет арқылы тауар аламын деп алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға интернет арқылы алаяқ сатушының қармағына түсіп қалған елорда тұрғыны арызбен жүгінді. Instagram әлеуметтік желісінде ол төсек-орын жабдықтарын сату туралы хабарландыруды көрген. Бағасы сатып алушы үшін өте қолайлы болғандықтан ол бірден 93 мың теңгеден астам ақшаны аударып жіберген. Алайда уәде етілген күндерден кейін төсек-орын келмеген, ал сатушы байланысқа шықпаған. Әйел жалған хабарландыруға алданып қалғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Алматы облысының 40 жастағы тұрғынын анықтады.
Полицейлер аталған алаяқтың қармағына елорданың үш тұрғыны түсіп қалғанын анықтады.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.