Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жол жүрісі қауіпсіздігі апталығының соңында қан тапсырды

СҚО полицейлері жол жүрісі қауіпсіздігі апталығының соңында қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жұма күні СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекшілікке жұмылдырылмаған қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, донорлық акцияға қатысты. Учаскелік инспекторлар, облыстық ПД және Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері халықпен тығыз жұмыс жасайды, қиын жағдайларда алғашқылардың бірі болып көмекке келеді. Олар жол-көлік оқиғаларында, өрт салдарынан және басқа да оқыс оқиғаларда зардап шеккендерге донорлық көмектің қажет екенін жақсы түсінеді.

– Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің барлығы 20 астам қызметкері қан тапсырды. Қызметкерлердің қан тапсыруы “Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы” кең ауқымды республикалық акциясының соңғы іс-шарасы болды. Бұл арқылы қоғамның назарын апаттылық жағдайына аудартқымыз келді. Өткен апта бойы брифинг, әлеуметтік желілердегі тікелей эфир, жол қозғалысының қатысушыларымен әңгімелесу, жарық қайтарғыш браслеттер тарату, балалар арасындағы суреттер байқауы, оқушылармен кездесіп, жол үстіндегі қауіпсіз жүріп-тұруды жеткізу сияқты ақпараттық-түсіндіру сипатындағы бірқатар іс-шаралар өткізілді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру