Астаналық азамат алаяқтық жолмен тұрғынның телефонын заңсыз иемденген
Астаналық азамат алаяқтық жолмен тұрғынның телефонын заңсыз иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны арызбен жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған.
Жәбірленушінің айтуынша, оң жақ жағалауда үйінің жанында оған бейтаныс ер адам келіп, онымен әңгіме өрбіткен. Содан кейін екеуі ішімдік ішіп отырып әңгімелерін әрі қарай жалғастырған. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, күдікті қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды өтінген. Телефонды алғаннан кейін ол ер адамның назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, жайлап алыстап, содан кейін құны шамамен 916 мың теңге тұратын Iphone телефонын алып кетіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасауға қатысы бар 26 жастағы азаматты анықтады.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.