Ақмолалық полицейлер тұрғынның Instagram парақшасын заңсыз иемдену фактісін анықтады
Ақмолалық полицейлер тұрғынның Instagram парақшасын заңсыз иемдену фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 27 қарашасында Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғыннан осы жылдың 25 қарашасында белгісіз адам Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаны алдап иемденгені туралы өтініш келіп түсті.
25 қарашада зардап шеккен адамға ресейлік нөмірден, ол Instagram-да авторлық құқықты бұзғаны және егер ол сілтеме бойынша сауалнамалық деректерді толтырмаса, оның Instagram-дағы парақшасы бұғатталатыны туралы WhatsApp-қа хабарлама келіп түскені анықталды. Ол сауалнама деректерін толтырғаннан кейін оның Instagram парақшасы бұғатталды. Алаяқтар одан әрі 80 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша талап ете бастады және бұл сілтемені барлық тіркелушілеріне жіберген. Бұл туралы жәбірленуші таныстарынан білді.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 205-бабы (Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе телекоммуникация желісіне заңсыз қол жеткізу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.