Елордалық ҚАЖД қызметкеріне пара берген есептегі сотталған 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді
Елордалық ҚАЖД қызметкеріне пара берген есептегі сотталған 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушы осы жылдың наурыз айында инспекторға ақша аударған, инспектор бұл фактіні дереу Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығына жеткізген.
Одан кейін елордалық өзіндік қауіпсіздік тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде пробация қызметінде есепте тұрған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни 200 АЕК айлық көлемінде айыппұл салынды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің басшылығы, жеке қауіпсіздік тобының қызметкерлері және пробация басшылығымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты негізде профилактикалық іс-шараларды жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің, жауапты лауазымдарды атқаратын адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтерді қабылдауына тыйым салу туралы хабарланады.
– Әрбір қызметкер өзінің мінсіздігі тексеріліп жатқанын біледі, сондықтан олар барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы жеке қауіпсіздік қызметіне дереу хабарлайды, – деп Астана қаласы қылмыстық-атқару департаментінің басшысы Дәулет Рақымбеков атап өтті.