Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері тұрғыннан 90 келіге жуық заңсыз бекіре тұқымдас балық тәркіледі

Атырау облысының полицейлері тұрғыннан 90 келіге жуық заңсыз бекіре тұқымдас балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 желтоқсан күні Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау – Доссор тас жолында күдік тудырған 52 жастағы қала тұрғының басқаруындағы Lada Vesta автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көліктен салмағы 84,9 келіні құрайтын 27 дана бекіре тұқымдас балықтарын және 1,9 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балығының қара уылдырығын анықталып, тәркіленді.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру