Павлодарда жалған нөмірлі көлікті тізгіндеген азамат жауапқа тартылады
Павлодарда жалған нөмірлі көлікті тізгіндеген азамат жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары еске салады – жолдағы қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысының жолдағы тәртіптілігіне байланысты. Бірақ, кейбір немқұрайлы жүргізушілер жол ережелерін қатаң сақтаудың орнына, бұзушылықтарды бейнелеу жүйелерін алдау үшін әртүрлі заңсыз амалдарға барады. Кейбіреулер жалған белгілерді орнатады, ал басқалары мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады. Ал мұндай заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған.
– Мысалы Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесі бойында құқықтық тәртіп сақшылары ВАЗ-2110 автокөлікті ұстады, оның жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірлері жалған көлік құралын жүргізген.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қарауға арналған материал әкімшілік сотқа жіберілді. Нөмірлік белгілерді алып қойды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Осы баптың санкциясы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.