Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне телефонды нанның ішіне жасырып өткізу әрекеті тоқтатылды

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне телефонды нанның ішіне жасырып өткізу әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 63 мекемесінің қызметкерлері қамауда отырған адамға ұялы телефон кіргізу әрекетін алдын алды. Тыйым салынған зат сәлемдемені тексеру барысында табылды.

Азамат тергеу изоляторында отырған күдіктіге әкелген нан өнімін тексеру кезінде мекеме қызметкерлері оның ішіне мұқият жасырылған телефонды анықтады. Құрылғы жұмыс істеп тұрған күйде болған.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған затты беру әрекетінің жолы дер кезінде кесілді.

Аталған факті бойынша азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта материалдарды сотқа жолдау үшін тиісті құжаттар дайындалуда.

Тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері оларды жасыру тәсілдерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ішінде облыс мекемелерінде тыйым салынған заттарды шай қаптамаларына, печенье қораптарына, шоколад тақташаларына, майлықтардың арасына, тіпті құрылыс материалдарының ішіне жасырып өткізуге қатысты өзге де жағдайлар тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру