Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2026 жылғы 15 қазанда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу мақсатында жүргізілген режимдік-іздестіру профилактикалық іс-шаралары барысында құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Атап айтқанда, мекеменің жедел және режимдік бөлім қызметкерлері алдын ала келіп түскен жедел ақпарат негізінде тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Іс-шара барысында мекеменің сыртқы аумағын қоршап тұрған негізгі қоршаудың №9 учаскесі арқылы тыйым салынған заттарды ішке қарай лақтыруға әрекеттенген азамат анықталып, қызметкерлер тарапынан уақытылы ұсталды.

Ұсталған азаматқа қатысты жеке тексеру жүргізу барысында жабысқақ таспамен оралған үш түйіншек табылып, тәркіленді. Аталған заттардың мекеме аумағына қандай мақсатта жеткізілмек болғаны және олардың нақты құрамы тиісті тексеру барысында анықталатын болады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу және қауіпсіздік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл ретте жедел және режимдік бөлім қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы, қырағылығы және жедел ақпаратты уақытылы тексеруі маңызды рөл атқарады.

Аталған дерек бойынша оқиға орнына Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тиісті процестік іс-шараларды жүргізу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ тәркіленген заттарға қатысты қажетті тексеру жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру