Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда телефон ұрлығы ашылды

Қарағандыда телефон ұрлығы ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда 500 мың теңгенің телефонын ұрлаған күдікті ұсталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген танысы болып шықты.

Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны үшін таныстарымен бірге өткізген кеш күтпеген шығынмен аяқталды. Ер адам құны жарты миллион теңге болатын телефонынан айырылған.

Полиция мәліметінше, пәтер иесі жақында сатып алған қымбат телефонын қонағына көрсетіп, кейін сөреге қалдырған. Алайда таңертең оянғанда телефонының да, қонағының да жоқ екенін байқаған. Телефонын таба алмаған ер адам полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол жәбірленушінің көрші үйінде тұратын 43 жастағы ер адам болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс бойынша дәлелдемелер жинақталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру