Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер такси жүргізушісін алдаған алаяқты анықтады

Елордалық полицейлер такси жүргізушісін алдаған алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 42 жастағы елордалықты анықтады. Белгілі болғандай полицияға такси қызметінде жұмыс атқаратын жүргізуші арызданған. Оның айтуынша, белгісіз азамат сағат 16:00 шамасында Сәтбаев көшесінің бойындағы үйлердің бірінен шығып, өзге мекенжайға жеткізу үшін бір қорап зат салып жіберген.

Тауар жеткізілген соң ақысы төленетінін айтып, тауардың жеткізілуіне сенімді болу үшін таксистке 10 мың теңге қалдыруын өтінген. Алайда клиенттің сенімді сөзінен соң таксист сұраған сомасын беріп, аталған мекенжайға барғанда алданғандығын түсінген.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Анықталған азаматтың елорда көлемінде тағы да 2 алаяқтық әрекет жасап, тұрғындарды алдағандығы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру