Шымкентте есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген азамат ұсталды
Шымкентте есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін ер адам өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, азаматтарды да алдаған. Ол бірнеше рет алаяқтық жасағаны, жүргізуші куәлігінсіз мас күйде көлік жүргізгені және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталған. Алайда ол өткен қателігінен сабақ алмай, бұрынғы әдетіне қайта басқан.
Тараз тұрғыны түнгі 03:20-да LED-жарық шамын таққан көлікті айдап келе жатқанда патрульдердің көзіне түскен. Ол тәртіп сақшыларына құжатын көрсетуден үзілді-кесілді бастартып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, босатуды талап еткен.
Полицейлер ер адамның оғаш әрекеттерінен күмәнданып, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Ұсталған азамат есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Ол көлік жүргізу құқығынан айырылса да, қайтадан рөлге отырған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша тіркелді.
Сондай-ақ, құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 590-бабы және 230-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.