Ақтөбеде дүкен сатушысы тұрғынның кепілге қойған телефонынан ақша жымқырған
Ақтөбеде дүкен сатушысы тұрғынның кепілге қойған телефонынан заңсыз ақша жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
56 жастағы ер адам үйдің ауласындағы дүкенге келіп, сатып алған затының ақшасын телефон арқылы төлеу кезінде сатушы ПИН-кодты көрген. Келесі күні ол мас күйде сол дүкенге қайта келіп зат сатып алып, телефонын дүкен сатушысына кепілге қалдырған.
Бес күн ішінде сатушы әйел жәбірленушінің телефонынан 500 мың теңгеге жуық ақша шешіп алған. Ер адам бұл туралы телефонын кепілдіктен алғаннан кейін білген.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.