Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер жоғалған ауыл тұрғынын тапты

Павлодар облысында полицейлер жоғалған ауыл тұрғынын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жоғалған әйелдің әкесі полицияға көмек сұрап жүгінді. Оның айтуынша, 8 қаңтарда оның 26 жастағы қызы Павлодар қаласына кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Үйде анасын екі жас баласы күтіп отырды. 

– Әкесі 19 қаңтарда полицияға жүгінді. Полиция дереу бағдар жасап, барлық аумақтық полиция бөлімдеріне, сондай-ақ шекара маңындағы аймақтарға бағдар жіберді. Бізбен бірге еріктілер де іздестірді. Жастардың жаппай жиналуының барлық орындары тексерілді, бағдарлар ілінді, әлеуметтік желілерге ақпараттар орналастырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 күннен кейін жоғалған адам қалалық пәтерлердің бірінде болғаны анықталды. Оның айтуынша, әкесімен келіспеушілікке байланысты үйден кетіп, болған жерін жасырып, айтпаған, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров. 

Сонымен қатар, әңгіме барысында қыз өзін біртүрлі ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес опиоидты метаболидтерді – тропикамидті қолдану фактісі анықталған.

 Айта кету керек, Ертіс ауданының полиция қызметкерлері әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жас ананың тәртібі қаралатын материал дайындап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру