Түрмеге жеткізілген палау ішінен есірткі шықты
Алматыда түрмеге палау әкелген 24 жастағы жігіт тағамның ішіне есірткі жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 67 грамм салмағы бар «гашиш» екені белгілі болды.
«Жігіт СИ-18 мекемесіне «сәлемдемесін» жіберген сәтінде ұсталды. Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 296-бабы 2 бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Н. есімді жігіт уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.