Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар полицейлерге челлендж арнады

Алматы облысында балалар полицейлерге челлендж арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Челлендждің басты мақсаты – қиын шақта қызметін атқарып жүрген полицейлерге қолдау көрсету, сондай-ақ азаматтардың рухы мен патриоттық сезімін арттыру болып табылады.


Оқушылар карантин жағдайында ерекше онлайн флешмоб ұйымдастырған. Олар тәртіп сақшыларының формасында өздерінің жол сілтеушілеріне алғыстарын білдіріп, бастарын иеді. Бейнежазбадағы балалар қарапайы сынып оқушылары емес, құқық қорғау бағытындағы кадет сыныптарының тәрбиеленушілері екенін атап өткен жөн.


Бейнероликке берілген жазбада, ең алдымен, балалар әлемдік індетке айналған тажалмен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп, ел игілігі үшін тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицейлерге шексіз ризашылықтарын жеткізген.


Алматы облысы Полиция департаментінің жеке құрамы өскелең ұрпақтың ыстық ықыласын қабылдап, алғыстарын айтты. Тәртіп сақшылары аталған ролик жылылық сыйлайтынын және одан әрі де ел үшін еңбек етуге күш-жігер беретінін жеткізді.


Эстафетаны Талдықорған қаласының 6-кадет сыныбы бастап, өздерінің құрбыластарына жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру