Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түрмеге жеткізілген палау ішінен есірткі шықты

Алматыда түрмеге палау әкелген 24 жастағы жігіт тағамның ішіне есірткі жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 67 грамм салмағы бар “гашиш” екені белгілі болды.

“Жігіт СИ-18 мекемесіне “сәлемдемесін” жіберген сәтінде ұсталды. Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 296-бабы 2 бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларын сату мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Н. есімді жігіт уақытша ұстау изоляторына орналастырылды”, – деп хабарлайды Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру