Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында көші-қон саласындағы бірінші тоқсан қорытындысы шығарылды

Алматы облысында полицияның биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша көші-қон саласындағы жұмысы қорытындыланды. Есепті кезеңде өңірде 15 мыңнан астам шетел азаматы тіркелсе, оның 500-ден астамы алыс шетелдерден келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3,7 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде шамамен 2,9 мың шетел азаматы және 700-ден астам Қазақстан Республикасы азаматы шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану кезінде заң бұзған.

Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рустем Жарықбасовтың айтуынша, заң бұзушылықтардың көпшілігі дер кезінде анықталып, заңсыз көші-қон мен көлеңкелі жұмыспен қамтудың алдын алуға мүмкіндік берілген.

Сот шешімімен 168 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар борышкерлерді іздестіру барысында 15 алимент бойынша борышкердің және 22 өзге де іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері анықталды.

Жыл басынан бері Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын 22 мыңға жуық құжат рәсімделіп, 628 адам Қазақстан азаматтығын алған. Сондай-ақ облыс аумағында шетел азаматтарының қатысуымен жасалған құқық бұзушылықтардың жолы кесіліп, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру