Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

10 жыл бұрын жасалған мал ұрлығы ашылды

Павлодар облысының полицейлері 10 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаевтың атына Ертіс ауданы Ленин ауылының тұрғынынан 10 жыл бұрын жасалған мал ұрлығын ашқан полицейлерге алғыс келіп түсті.

– 2011 жылдың күзінде белгісіз тұлғалар табыннан 10 бас жылқы ұрлап кеткен. Әкем полицияға арыз берген. Жылдар бойы ашылмаған бұл қылмысты соңғы нүктесіне дейін жеткізген Ертіс ауданының жедел уәкілдері мен тергеушілерінің атқарған еңбегі зор. Олар айғақтарды тыңғылықты жинады, себебі жылқылар із-түссіз кеткен еді. Нәтижесінде 2020 жылы полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Олар біздің жылқыларымызды ұрлап, сатып жібергенін айтып, кінәларын мойындады. Сот болып, айыптылар сотталды. Олар бізге келтірілген материалдық шығынды толық көлемде өтеді. Мен Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне көп уақыт өткеніне қарамастан, жылқымызды ұрлаған адамдарды ұстап, қылмыскерлерді жауапқа тартқаны үшін алғысымды айтамын. Біздің отбасымыздың атынан полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаевқа, бастықтың орынбасары Марат Баймуриновқа, учаскелік инспектор Мади Игберлиновке және жедел уәкілдер Ғабит Мұқанов пен Бейімбет Джарасовқа жеке алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, қызметте табыс тілейміз!, – деді Ертіс ауданы Ленин ауылының тұрғыны Жандос Атимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру