Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз шарап сатқан ауыл тұрғыны жауапқа тартылды

Павлодар ауданының полицейлері алкогольдік өнімді заңсыз сатқан ауыл тұрғынын жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 
– Павлодар ауданының полицейлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Мәселен, учаскелік полиция инспекторы Дияс Аралбаев Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу фактісін анықтады. 2021 жылдың 11 қаңтарында сағат 23.00-де Мичурино ауылында тұратын 55 жастағы үй иесі ауыл тұрғындарына “Белая лоза” шарабын заңсыз сатқан. Тексеру барысында әйелдің алкогольдік ішімдіктерді сатуға лицензиясы жоқ екені анықталды. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру)
бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды, – деді Павлодар ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Истаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру