Қызылордалық полицейлер шетелдікке ҚР-ның азаматтығын алуға көмек берді
Қызылордалық полицейлер шетелдікке ҚР-ның азаматтығын алуға көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға ниет білдірген жандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Мысалы, Өзбекстан Республикасынан келген қандастарымыз Абдусаттар Акбаровтың ұлы Шынболат Акбаров өз елінен тіркеуден шығып, Қазақстандағы Жаңақорған ауданына келіп қоныстанады. Содан ҚР азаматтығын алуға құжаттарын тапсырады.
Қазақстандық болғысы келетін тұрғындардың құжаттарын Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрбол Рүстемов қабылдап алып, заңда көзделген мерзім ішінде жұмыс атқарады.
Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының полицейлері “ҚР азаматтығы туралы“ ҚР Заңының 16-1-бабына (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары) сәйкес құжатын жасап берді.
Өз кезегінде 60 жастағы ағамыздың куанышында шек болмады. Полиция қызметкерлері Нұрбол Рүстемовке және оларды басқарып отырған басшыларына ағалық алғысын жаудырды. Жұмыстарына табыс тілеп, ақ батасын берді.