Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖД қызметкерлері орталық кітапхана қорына кітаптарын сый етті

СҚО-да ҚАЖД қызметкерлері орталық кітапхана қорына кітаптарын сый етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдың 14 ақпанынан бастап бекітілді.

Осы мереке қарсаңында ҚР ІІМ ҚАЖК “ЕС-164/8 мекемесі” РММ қызметкерлері де шетте қалған жоқ. Қызметкерлердің жеке кітапханасында кітаптары болды.

Мекеме қызметкерлері, сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы А.Истенгалиева және сотталғандар арасындағы тәрбие әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы У.Садвакасов, сотталғандар арасындағы тәрбие әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы А.Жакенов, қаржылық қамтамасыз ету қызметінің бас есепшісі Л.Мухамитова, медициналық қамтамасыз ету бөлімінің медициналық бөлімінің мейірбикесі Б.Базарбекова СҚО-ның Айыртау ауданының орталық кітапхана қорына кітаптарын сый етті.

Жас оқырмандарға арналған кітаптар балалар әңгімелерінің жинақтарынан бастап классикалық әдебиеттерге дейінгі әртүрлі жанрда болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру