Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қару“ жедел-алдын алу іс-шарасы: Павлодарда қаруы бар тұрғындар тексерілуде

Павлодарда “Қару“ жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қаруы бар тұрғындар тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Павлодар ауданының полиция қызметкерлері қаруы бар адамдарды тексеруде.

Тұрғындар рұқсат құжаттары, қару мен оқ-дәрілерді сақтау шарттары бойынша тексеріледі. Ауылдағы проблемалардың бірі сейфтің болмауы, егер болса онда қаруы бар сейфтерде бөгде заттарды, құжаттарды, ақшаны, бірге сақтайды.

– Мысалы, Павлодар ауылдарының бірінде учаскелік полиция инспекторы тәртіп бұзушылықты анықтады, онда қару иесі, ауыл тұрғыны, қару сейфінде алтын бұйымдарды сақтаған. Қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін 36 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 484-бабының 1-бөлігі (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар аудандық полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру