Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында пробация есебіндегі 22 сотталған рақымшылыққа ілінді

Арал аудандық пробация қызметінің есебіндегі 22 сотталған рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты өткен жылдың 7 желтоқсанында қолданысқа енген рақымшылық заңына сәйкес есепте тұрған 75 азаматтың бақылау және жеке істері зерделенді.

– Зерделеуден өткен 22 есептегі азамат рақымшылықпен негізгі жазадан босатылды. Оның ішінде 10-ы жаза өтеуден босатылса, қалған 12-нің өтелмеген мерзімдерінің бір бөлігі қысқартылды. Қазіргі таңда осы 22 азаматтың құжаттары сот органдарына жолданып, барлығы заң күшіне енді, – деді Арал аудандық пробация қызметінің бастығы С.Сейталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру