113 істі болған адам өндіріс орындарында еңбек етеді
Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 85 %-ы жұмыспен қамтылған,-деп хабарлайды Polisia.kz.
ОВ 156/14 мекемесіндегі жазасын өтеулшілердің әр күні еңбек етумен басталып, өндіріс орындарын жинастырып, жемісті жұмыстармен аяқталады.
Бүгінде мекемеде барлығы 13 өндіріс орыны жұмыс жасайды, олар барлығы 113 сотталғанды еңбекпен қамтиды.
Еңбек етуші сотталғандар өз табыстарынан мемлекеттік талап- арыздарынан басқа өз туыстарына көмек үшін мекеменің қаржымен қамтамасыз ету қызметі арқылы қаражат ауыстыра алады. Сотталғандардың көбі дерлік туыстарымен өтетін Қазақстан Республикасының Заңнамасына сай ұзақ мерзімді кездесулерінің ақысын өздері төлейді. Ол дегеніміз жұмыс істеу арқылы олар өздерінің туыстарына материалдық көмек көрсетеді.
Өндіріс орындарындарының бірінде («Ақниет» ДК) тауық асырап, оның жұмыртқасы мен етін сатуға дайындаса, бірінде жыл мезгіліне қарамастан жылыжайларда қияр мен қызанақ («Еңбек-Өскемен» РМК-сы) өсіріліп жатады. Көбінесе өндіріс орындарында үй жиһазын әзірлейді.
Істі болғандардың дайындаған жиһаздарына алушылар саны күн сайын артуда. «Томирис» ЖШС-нің шығарған есіктеріне сұраныстар өте жоғары. «Беркимбаев Б.Г.» өндіретін малға арналған жемдері қазіргі уақытта таптырмайтын табыс көзіне айналуда. Сотталғандардың ең көп саны жұмыс істейтін «Тинашев О.М» жұмсақ жиһаздары да жақсы сұраныста. «Мастер Мрамор» ЖШС өнімдері таза мрамордан жасалған бұйымдардан ешбір айырмасы жоқ. «GS Industries» ЖШС сабынның түр түрі жасалып шығарылып, өнімдер сатылымға жіберілуде.
Барлық он үш өндіріс орындарын алушы 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 9 кәсіпкерлер өндіріс орындарын Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Семей филиалы арқылы сенімгерлік басқаруымен алып, оның коммуналдық ақыларын ай сайын өздері төлеп отырады.
Осылайша, қауіпсіздігі барынша жоғары, сот және құқық қорғау органдарында бұрын соңды қызмет атқарып, қазіргі таңда жазасын өтеп жатқан сотталғандардың еңбекпен түзелу процесі жүргізілуде.