Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен еріктілер есінен айырылған әйелді анықтауда

СҚО-да полицейлер мен еріктілер есінен айырылған әйелді анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуір күні Ақжар ауданынан Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылындағы медициналық мекемеге құжаттары жоқ егде жастағы әйел жеткізілген. Ол өзін түрлі тектермен атап, туған жылы мен тұратын жерін айта алмаған. Медициналық қызметкерлер әйел туралы ақпаратты полицейлер мен еріктілерге жіберген.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әйелдің жеке тұлғасын анықтау үшін шараларды қабылдап, оның айтқан мәліметтерін тексеріп жатыр.

Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желілерде оған қатысты бағдарларды таратып, оны танитын адамдардың хабарласуын сұрауда. Қозғалыс үйлестірушісі Кристина Ашпекованың айтуынша, әйелдің жағдайына бейжай қарамайтын солтүстікқазақстандықтар көмек қолын созуда – олар әйелге уақытша баспана берген. Осы мәліметтерге қарағанда, ол облыс аумағы бойынша өтіп бара жатқан көліктермен жүрген, бейтаныс адамдарға барып, түнеуге сұранған, сондай-ақ өзі туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер айтып жүрген.

– Қазіргі уақытта әйелдің жеке тұлғасын анықтау мақсатында іс-шаралар қабылдануда. Бағдарлар қалалық басқарма бөліністеріне және аудандық полиция бөлімдеріне, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына жіберілді. Тек нақты мәліметтерді білетін азаматтарды хабарласуды сұраймыз. Еріктілердің іздестіру жұмысындағы үлесін атап өткен жөн. Еріктілер – полицейлердің із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру шарасындағы сенімді серіктестері, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру