Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

1363 мас жүргізуші анықталды

2020 жылы павлодарлық полицейлер 1363 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы ескертеді. Көлік құралын мас күйінде басқару Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең ауыр түрлерінің бірі ретінде дәрежеленеді. Егер жүргізуші екінші рет мас күйінде көлік тізгіндеген болса онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

– 2020 жылы полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1363 жүргізушіні жауапқа тартты. Мәселен, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2020 жылдың желтоқсан айында сағат 21.50 шамасында Ломов көшесінде фронталды тиегішті тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша оның жүргізушісі мас күйде болған. Бұдан басқа сағат 15.50 шамасында Чкалов көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері «КАМАЗ» маркалы көлікті тоқтатты, көлік жүргізушісі тәлтіректеп, одан алкогольдің иісі қатты шығып тұрған. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша ер адам мас күйде болған. Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, сот шешімімен жүргізушілер 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру