СҚО полицейлері босанған әйел мен науқас баланың ата-анасынан алғыс алды
СҚО полицейлері босанған әйел мен науқас баланың ата-анасынан алғыс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz
5 қараша күні түнде Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Саят Дүйсембин мен Аслан Құрманғалиев өз учаскелеріндегі қызметтерін тоқтата тұруларына тура келді. Интернациональная және Жұмабаев көшелерінің қиылысына жақын жерде әйелін перинаталдық орталыққа апара жатқан жүргізуші көліктің дыбыс сигналын басып, тез арада жеткізу үшін көмек сұрады. Бұл кезде әйелдің толғағы басталып кетті. Тәртіп сақшылары жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыс сигналдарын қосып, босанғалы жатқан әйелді жылдам жеткізді.
Кейін бақытты әке көрсеткен көмектері үшін полицейлерге хабарласып, алғысын айтты. Оның айтуынша, осы санаулы минуттар олар үшін өте маңызды болған. Ал жас ана әлеуметтік желілерде былай деп жазды:
– Босануым соншалықты тез болды, жол-жөнекей полиция қызметкерлерінен көмек сұрауға тура келді. Полиция қызметкерлері Саят Дүйсембин мен Аслан Құрманғалиевке ерекше алғыс білдіреміз. Шынымды айтсам, бұл кинодағыдай болды, – деді ол.
– Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің күнделікті қызметі барысында осы сияқты көп жағдайлар болады. Жақында «Оңтүстік» бақылау бекетінде сағат 02:00 шамасында Тимирязев ауданының тұрғындары келіп, медициналық мекемеге жылдам жету үшін көмек сұрады. Олар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж соқырішекпен ауырған баланы әкеле жатқан. Полиция қызметкері Асқар Сердалинов облыстық балалар ауруханасына кедергісіз жетуді қамтамасыз етті. Бұл оқиға туралы да адамдар әлеуметтік желілерде жазды. Жолдардағы тәртіпті сақтау, адамдарға көмектесу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл қызметкерлерге айтылатын негізгі міндеттер. Осындай алғыс сөздері патрульдік полицияның ауыр жұмысында үлкен қолдау және жақсы мотивация, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.