Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші студентті қағып кетті

Ақтөбеде жүргізуші студентті қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

6 қарашада сағат 13:30 шамасында Lada-Vesta автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі Ә. Молдағұлова даңғылымен “Әлия” автобус аялдамасының жанында жүріп келе жатқанда кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 15 жастағы жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды.

10 айдың ішінде Ақтөбе облысының жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 140 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 8 адам қаза тауып, 134 адам жарақат алды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жолдарда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру