Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз айналымнан 540 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді

Павлодар облысында заңсыз айналымнан 540 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жылдың 3 қазанынан 2 желтоқсанына дейін «Рефлекс» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның барысында бес есірткі құқық бұзушылық анықталды, заңсыз айналымнан 540 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Мәселен, Павлодар облысы ПД қызметкерлерінің үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында Қазақстан қалаларынан Павлодар облысының аумағына синтетикалық есірткілердің ірі партияларын тасымалдауды және жасырып салуды жүзеге асырған нарокурьердің қызметі жойылды.

– Тінту барысында 32 жастағы күдіктінің автокөлігінен сәлемдеме түрінде оралған ақ түсті ұнтақ заты бар 366 байлам табылды және тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат салмағы 255 грамнан асатын синтетикалық препарат екені анықталды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Күдікті қамауға алынды, — деп хабарлады Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сәния Ахметжанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру