Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш тұрғыны жұмысқа орналасамын деп ақшасынан айырылды

Ақтөбе қаласының тұрғыны жұмысқа орналастырамын деп бес адамды сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы Атырауға мамандығы бойынша жұмысқа тұрғызатынын айтып, сеніміне кіреді. Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, есепшот арқылы 200 мың ақша салып жіберуін сұраған. Арада бірнеше ай өткен соң өзінің алданғанын білген жәбірленуші уақыт өткізбей полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

Тергеу барысында күдіктінің Ақтөбе қаласының тұрғыны екендігі, тағы осындай бес іске қатысы бар екені анықталды. Полицейлер жауап алу барысында жәбірленушілер күдіктінің әлеуметтік желі арқылы ортақ чат ашып, ондағы азаматтардың барлығына Атырау қаласына жұмысқа орналастырып беретіні айтып, жұмыссыз жүрген тұрғындарға үміт бергенін айтқан.

Қазіргі уақытта алаяқтық жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру