Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жас сақшылар полиция қызметімен танысты

Атырау облысы полиция департаментінде биыл "Жас сақшы" полиция сыныптарына қабылданған Әл-Фараби, Д.Қонаев атындағы және Жайық BINOM School мектеп-лицейлерінің оқушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас сақшылар жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, бейнебақылау жүйесінің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы мүмкіндіктерін көрді. Орталық операторлары қала көшелеріндегі ахуалды бақылау және түрлі жағдайларға жедел ден қою тәртібін көрсетті.

Полиция музейінде ішкі істер органдарының тарихы мен сала ардагерлерінің қызмет жолы туралы мағлұмат алды.

Кездесу барысында полиция қызметінің жауапкершілігі мен маңызы айтылып, заңға құрмет пен ел алдындағы жауапкершілікті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру