Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Nomad Álemi” фестивалі: ШҚО-да полиция 5 мыңға жуық азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр

ШҚО-да полиция 5 мыңға жуық азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде ауқымды “Nomad Álemi” фестивалі өтіп жатыр. Күндізгі уақытта фестиваль алаңына өңірдің 5 мыңға жуық тұрғыны мен қонағы жиналды.

Іс-шара аумағында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жағдайды бақылауда ұстап, келушілер арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары да тартылды. Олар полиция қызметкерлерімен бірге профилактикалық жұмыстарға қатысып, фестиваль аумағында азаматтарға бағыт-бағдар беруге көмектесуде.

Қауіпсіздікті бақылау жұмыстары әуеден де жүргізілуде. Стробоскоптар мен дауыс зорайтқыштармен жабдықталған сөйлейтін дрондар фестиваль аумағын бақылап отыр.

Қажет болған жағдайда дрондар дауыс зорайтқыш арқылы азаматтарға ескерту жасап, қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды еске салады.

Мұндай тәсіл фестиваль аумағындағы жағдайды бір мезгілде бақылауға, туындаған мәселелерге жедел әрекет етуге және профилактикалық жұмыстарға баса мән беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру