Атырауда есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Атырауда есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы ПД-да департамент бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықовтың төрағалығымен Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиында кеңес мүшелері жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылап, жыл соңына дейінгі жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар кеңес құрамына жаңадан қабылданған мүшелерге куәліктер табысталды.
Іс-шара аясында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы бейнеролик жасау бойынша республикалық байқауға қатысқан жастарды марапаттау рәсімі өтті.
Жастарға Республикалық Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің атынан сыйлықтар табысталып, жасанды интеллект көмегімен контент әзірлеу бойынша шеберлік сабағына қатысуға сертификаттар берілді.
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру – маңызды міндеттердің бірі.
