Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында екі тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді

Абай облысында екі тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьер ЖПІШ өткізу барысында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді құқық қорғау органдарының тиісті рұқсатынсыз сақтады деген күдікпен Бесқарағай ауданының екі тұрғынын анықтады. Тексеру нәтижесінде олардан заңсыз сақталған ВЕПРЬ-308 карабині және патрондары жоқ оқжатар, 2002 жылы шығарылған 7,62х51 мм немесе 308WIN калибрлі ВЕПРЬ-308 өздігінен зарядталатын карабин, сондай-ақ 1963 жылы Тула қару-жарақ зауытында шығарылған 5,6 мм калибрлі ТОЗ-17 бес разрядты аңшылық карабині табылып, тәркіленді.

Табылған қару-жарақтардың барлығы атуға жарамды.

Ұсталған екі азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру