Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақ полицейлері зейнеткерге жоғалған сиырын тауып берді

Созақ полицейлері зейнеткерге жоғалған сиырын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ ауданының полиция бөлімшесіне егде жастағы қария бір бас бұзауының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған. Ол бұзауын егістік алқапқа жайылымға жібергенін, оны іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын көрсеткен. Полиция қызметкерлері жедел іздеуге кіріседі.

Ауыл аймақтарды, егістік алқаптарын, бақташылардың сиыр баптайтын жерлерінің барлығын іздеді. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған сиыр үш шақырым қашықтықта көрші ауылдан жайылып жүрген жерінен табылды. Тәртіп сақшылары жоғалған сиырды өз иесіне табыстады.

Малынан көз жазып қалған 80 жастағы қария полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына шынайы ризашылығын білдіріп, бастасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру