Түркістанда полицейлер БАӘ азаматына жоғалған телефонын тауып берді
Түркістанда полицейлер БАӘ азаматына жоғалған телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan телефонын абайсызда таксиде қалдырып кеткен.
Шетелдік турист қонақүйден Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бару үшін такси қызметін пайдаланған. Көліктен түскеннен кейін телефонының жанында жоқ екенін байқап, бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген.
Тәртіп сақшыларының жедел жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде такси көлігі анықталып, телефоны табылды. Құрылғы заңды иесіне қайтарылды.
Шетелдік азамат полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, жоғалған мүлкін табуға көмектескені үшін ризашылығын білдірді.
