Павлодарда жыл басынан бері 245 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді
Павлодарда жыл басынан бері 245 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді, —деп хабарлайды Polisia.kz.
Қысқы кезеңнің басталуымен температураның төмендеуіне байланысты Павлодарлық полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Әркімнің осындай жағдайға қалай тап болғаны туралы өз тарихы бар.
Айта кету керек, әрбір патрульдік учаскедегі учаскелік полиция инспекторлары тұрақты түрде өзгерістер мен түзетулер енгізетін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың орналасқан жері көрсетілген карта бар. Бұл адамдар аязда жылыну үшін иесіз құрылыстардан, құдықтардан, жылу тораптарынан, көпқабатты үйлердің жертөлелерінен жылу мен баспана іздейді, ал бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
– Жыл басынан бері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 500-ден астам адамды полиция қызметкерлері анықтады. Оның ішінде 245 адам Павлодар қаласы ПБ-ға қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Сондай-ақ адамдар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізіледі, – деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Куаныш Мустафинов.
Полиция қабылдау-тарату мекемесінің есіктері тәулік бойы ашық екенін еске салады. Бұл мекеме бірде-бір адамға жылынуға көмектесуден бас тартқан емес.