Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

15 жылдан бері іздеуде жүрген азамат ұсталды

Қарағандылық полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен он бес жылдан бері іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Қарағанды облысының ПД Криминалдық полиция басқармасына Ресей ІІМ Самара облысы бойынша Бас басқармасынан аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 43 жастағы Ресей азаматының Қарағанды облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті.

Ресей тарапынан келіп түскен мәліметтер бойынша, аталған азамат 2005 жылы Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында сыбайластарымен бірге жәбірленушіні (Ресей азаматы) ұрлап кеткен. Кейіннен оны балталап өлтіріп, мәйітін өртеп, қалғанын жақын маңдағы су қоймасына батырып жіберген.

Аталған факт бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

30 қарашада Теміртау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері он бес жыл бойы қашып жүрген ресейлік азаматты анықтап, ұстады.

Іздеуде жүрген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұл туралы Ресей ІІМ Бас басқармасына хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру