Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы жалғасуда

Қарағанды облысының аумағында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын 25 қарашада Қазақстан аумағында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы басталады.

Акцияның негізгі мақсаты –  әйелдерді өз құқықтары туралы хабардар ету, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім есепте тұрған тұлғаларды тексеру болып табылады.

Акция барысында Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөлімінің ювеналдық полициясы инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүгінген әйелдерге көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Акция барысында тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім 100-ден астам тұлға, сонымен бірге 60-тан астам қолайсыз отбасы тексерілді. Әкімшілік жауапкершілікке 20 тұлға тартылды, оның 8-іне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру