16 жастағы шардаралық алғашқы куәлігін алды
Түркістан облысының полицейлері 16 жастағы тұрғынның алғашқы куәлігін табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-ның көші-қон қызметі тобының Халықты құжаттандыру және тіркеу саласы Наурыз мерекесі қарсаңында, қандастар мен басқа да этностар қатарынан ҚР азаматтығын қабылдаған тұрғындарға ҚР жеке куәлігін салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізді. Шардара АПБ-ның көші-қон қызметі тобының жетекші маманы Еркін Қожахметов мереке қарсаңында бірнеше тұрғынға жеке басын куәландыратын құжатын табыс етті.
Солардың бірі болып енді ғана кәмелет жасына толған 16 жастағы Айгүл Құрбанбек су жаңа куәлігін қолына алды. Өз кезегінде Айгүлдің анасы көші-қон қызметі тобының қызметкерлерін меркелерімен құттықтап, өз алғысын айтты.
– Полицейлерге үлкен рақмет. Қызымның алғашқы жеке куәлігін аз уақыттың ішінде жасап берді. Жасап жатқан қызметтеріңіздің жемісін көріңіздер. Дендеріңіз сау болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік!
Аталған іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Мерзімі өткен, денсаулығына байланысты үйде отырған туыстарыңыз немесе таныстарыңыз болса полицейлерге хабар беріңіздер. Түркістан облысының тәртіп сақшылары сіздерге қандай жағдайда болмасын көмек беруге әзір.