Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көрші мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскерлер Ақмола облысының аумағынан табылды

Көрші мемлекетте іздеуде жүрген қылмыскерлер Ақмола облысының аумағынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Іздестіру» мемлекетаралық арнайы операциясы шеңберінде қылмыстық полицияның қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге және олардың орналасқан жерін анықтауға мамандандырылған бөлімшелері бірқатар жедел және арнайы іс-шаралар өткізді. Бұл көрші мемлекеттердің аумағында бірқатар қылмыстар жасаған Қазақстан Республикасының үш азаматын анықтауға мүмкіндік берді.

Мәселен, Көкшетау қаласында полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының ҚК-нің 158-бабының 2-бөлімінде (Ұрлық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Омбы облысы бойынша РФ ҚК-нің іздеуде жүрген қылмыстық құқық бұзушыны ұстады. Қазақстандық мемлекетаралық іздеуде 2017 жылдың наурыз айынан бері болды.

Есіл ауданының аумағында полиция қызметкерлері 33 жастағы ҚР азаматын ұстады, ол 2021 жылдың тамыз айынан бастап РФ ҚК-нің 159-бабының 1-бөлігінде (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Ярославль облысы бойынша ІІМ іздеуде болған.

Сондай-ақ Степногорск қаласындағы «Іздестіру» арнайы операциясы аясында полицейлер қарақшылық жасағаны үшін Қырғыз Республикасының ІІМ іздеуде болған жергілікті тұрғынды ұстады (ҚК 168-бабы 2-бөлігі). Көрші мемлекеттің аумағында қылмыс 2014 жылы жасалған.

Қазіргі уақытта іздестіру бастамашыларына тиісті хабарламалар жіберілді. «Іздестіру» арнайы операциясы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру