Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 жамбылдық қорқор тұтынғаны үшін айыппұл төлейді

17 жамбылдық қорқор тұтынғаны үшін айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 29 маусымда «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласының көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.

Тексеру барысында 15 кафе мен барда қоғамдық орындарда қорқор (кальян) тұтынуға тыйым салудың 17 бұзушылық дерегі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

– Тексерумен қамтылған барлық ойын-сауық мекемелерінде қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Сондай-ақ аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау), сондай-ақ ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы (Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) ескертілді, – деді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Естеріңізге сала кетсек, мейрамханаларда, кафелерде, барларда және басқа да қоғамдық мекемелерде кальян шегуге тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру