Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ішімдік ішкен жасөспірімдерді ұстады

Ақмола облысының полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» ЖПІШ барысында облыс орталығында қараусыз қалған 3 жасар бала мен жараланған жасөспірімді мас күйінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында тәуліктің кешкі және түнгі уақыттарында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 17-19 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны өткізуге 400-ге жуық полиция қызметкері, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкері мен қоғам өкілдері жұмылдырылды.

ЖПІШ барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін полицияға 252 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның 228-і көшеде ата-анасыз түнде жүрген жерінде ұсталды. 17 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 7 жасөспірім алкогольді ішімдік ішкені үшін ұсталған.

Мысалы, 17 шілдеде қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне «Оң білектің жоғарғы бір бөлігінің кесілген жарасы» диагнозымен 17 жастағы бала жеткізілді. Талқылау барысында ауданнан Көкшетауға келген жасөспірім достарымен спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жасөспірімде мас болудың «жеңіл дәрежесі» анықталды. Осы фактіге сәйкес заңды өкілге қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сонымен қатар жасөспірімнің білек жарасын алу фактісі бойынша тексеру жүргізіледі.

Жастардың жаппай жиналатын орындарын тексеру кезінде жүргізіліп жатқан ЖПІШ шеңберінде өзімен бірге шаншып-кесетін заттарды, атап айтқанда пышақ алып жүрудің 4 фактісі анықталды. ЖПІШ өткізу кезеңінде тұрғылықты жері бойынша полиция қызметкерлері 571 қолайсыз ата-анаға және полиция органдарында есепте тұрған 341 кәмелетке толмаған құқық бұзушыға барды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 5 бала орналастырылды, оның ішінде біреуі түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген. Атап айтқанда, 17 шілдеде Тәшенов көшесінде 3 жас шамасында жалғыз жүрген бала табылды. Ювеналды полицияның учаскелік инспекторы Н.Аманжол заңды өкілдерінің болмауына байланысты бұл бала Көкшетау қаласының «Шанс» қолдау орталығына орналастырылды. Біраз уақыттан кейін жоғалған баланың ата-анасы «102» пультіне жүгінді, онда олар баламен бәрі жақсы екенін және ол қолдау орталығында екенін түсіндірді.

Іс-шараның үш күнінде 27 қолайсыз ата-ана мен 26 кәмелетке толмаған бала анықталып, есепке алынды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 28 заңды өкіл жауапқа тартылды. 

Тағы бір оқиға 18 шілдеде Қоянды су қоймасында орналасқан «Ажарлы» демалыс аймағының аумағында Целиноград ауданында болды. 11 жасар бала трамплиннен суға секіріп, батып кете жаздап, кейін Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Заңды өкілге қатысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жалпы, ЖПІШ шеңберінде полицейлер кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу саласында туындайтын мәселелер бойынша құқықтық және консультациялық көмек көрсетті. Әңгіме барысында бейтаныс адамдармен жүріс-тұрыс, судағы, жолдардағы және демалыс орындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша профилактикалық жұмыс жаз бойы жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру