Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясы “Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасын қорытындылады

Шымкентте балаларына дұрыс тәрбие бермеген 6 ата-анаға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мегаполистің ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес бойынша 3 күндік жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысын шығарды.

Түнгі рейд барысында тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген, кәмелетке толмаған 178 баланы анықтады. Олардың заңды өкілдері жауапқа тартылды.

Тағы бір ата-ана баласының түнде ойын-сауық орнында болғаны үшін 10 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл төледі. Ал, мұндай құқық бұзушылыққа жол берген мекеме иесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Алты ата-ананың бала тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамауы, шымкенттік жастардың қасақана құқық бұзушылыққа баруына себеп болды. Бұл үшін заңды өкілдерге ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған “Түнгі қаладағы балалар” ЖПІШ полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру