Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жасөспірімдердің түнгі уақыттағы серуенінің 113 фактісін анықтады

СҚО полицейлері 3 күнде жасөспірімдердің түнгі уақыттағы серуенінің 113 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезінде СҚО полицейлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Тұрақты негізде көшелер мен ойын-сауық мекемелері бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Жасөспірімдерді жазғы жұмысқа орналастырудың ықтимал орындарында тәртіп сақшылары еңбек заңнамасының сақталуын тексереді.

Бұл жұмыс 17-19 шілде аралығында өткізілген “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы аясында күшейтілді. 3 күн ішінде 7 кәмелетке толмаған және 18 қолайсыз отбасы анықталып, есепке қойылды.

Ата-аналары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді елемеген, оларға теріс әсер еткен отбасылар ерекше назар аударатын аймақта. Олардың барлығы ЖПІШ барысында қайтара тексерілді.

Петропавлдағы Подгора ауданындағы мекенжайлардың бірінде ювеналды полицейлер үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананы тексерді. Бұрын әйел бірге тұратын адаммен бірге алкогольді асыра пайдаланған кезде жауапқа тартылған. Онымен профилактикалық жұмыс жүргізілді, қазір ол ішімдік ішпейді, тұрақты жұмысқа орналасты, үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

– Ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларына барынша көңіл бөлуді, олардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысуды сұраймыз. Бұл әсіресе жаз айларында, көбінесе жасөспірімдердің бос уақыты көп кезде өте маңызды. ЖПІШ барысында анықталған ең көп таралған құқық бұзушылық — жасөспірімдердің түнгі уақытта серуендеуі. Осындай 113 факт тіркелді. Балалардың қараусыз қалуына жол бермеңіздер – бұл кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыс жасауына ықпал ететін негізгі шарт”, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

ЖПІШ аясында облыстың ювеналды полицейлері барлығы 152 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру