19 жастағы Өзбекстан азаматшасы Алматыда алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
19 жастағы Өзбекстан азаматшасы Алматыда алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Ал оқиғаның желісі барлығында бірдей болды.
– Пәтер жалдауға тырысқан адамдар танымал интернет-қызметтерден жарнамаларды іздеді. Бағалары нарықтағыдан әлдеқайда төмен болды. Ұнаған пәтерді брондау үшін электронды аударым арқылы алдын-ала төлем жасаған. Ақшаны алғаннан кейін іскер бойжеткен байланысқа шығуды тоқтатқан.
Біз күдіктіні ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанға жұмыс істеуге келген 19 жастағы Өзбекстан азаматын анықтадық және ұстадық. Ал қыркүйек айынан бастап ол жалған жарнамаларды орналастыра бастады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Істі қарау барысында оның кем дегенде осыған ұқсас алты эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 250 мың теңгені құрайды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Тергеу кезеңінде ұсталған азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
– Егер тауарды, автокөлікті, пәтерді жалға алу туралы хабарландыруда сізден алдын-ала төлем енгізу сұралса немесе сатушымен тек WhatsApp арқылы хабарласуды сұраса, абай болыңыз, ешқашан электронды төлем жүйесіне салым салмаңыз, – деді Қуатбек Науатов.