Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жеңгетайлықтың 3 фактісі тіркелді

Қызылордада жеңгетайлықтың 3 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері “STOP-трафик” жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Операцияның басты мақсаты адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және ескертуге бағытталған.

“STOP-трафик” шарасы барысында басқарманың жедел уәкілдері жеңгетайлық “кәсіптің” жолын кесті. Олар қала орталығында орналасқан 3​ демалыс орындарында іс-шара өткізді. Полицияға қоғамдық орынның клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылады деп хабар түскен. Тексеру шарасы барысында ақпарат расталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда. Ал жезөкшелікпен айналысқан бикештер тіркеуге алынды. ​ ​ ​ 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру