Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияға 190 жасөспірім жеткізілді

Қызылордада балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше  орындамаған 10 ата-ана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өткізілген «Ата-ана – Жасөспірім – Көше» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ішкі істер органдарына барлығы 190 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 186 бала түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жеткізіліп, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған төрт жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар он сегіз жасқа толмаған балаларға темекі өнімін сатудың (ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы) бір дерегі, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы) жеті дерегі анықталды.

Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы) 10 ата-ана анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 151 кәмелетке толмаған бала анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру