Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оқушылар онлайн байқауға қатысты

Қызылорда облысының ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы студенттер мен оқушылар арасында “Есірткісіз өмір – ғажайып!” тақырыбында онлайн байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу тақырыбын үнемі көтеріп келеді. Бұл бағытта өткізілетін іс-шаралардың мақсаты – тыйым салынған заттардың денсаулыққа қаншалықты зиян екенін жастарға жеткізу  болып табылады.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында студенттер мен оқушылар арасында өткізілген “Есірткісіз өмір – ғажайып!” тақырыбындағы онлайн бейнероликтер сайысына 23 үміткер қатысып, Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің оқушысы Айшолпан Маханбетжан бірінші орынды, Сырдария ауданының №139 орта мектебінің оқушысы Жансая Төлеген екінші орынды, Арал қаласындағы №14 мектеп-лицейінің оқушысы Ильяс Камаламов үшінші орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру